2023-ші жылдың маусым айының 20-шы жұлдызында «Балбөбек», «Айналайын», «Бәйтерек» ересек топтары арасында жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының жоспарына сәйкес «Мен көше жүргізушісімін» тақырыбында ойын-жарысы болып өтті. Ойын-жарыс барысы балаларға бағдаршам туралы жұмбақ жасырумен басталып, жолда жүру ережелерін еске түсірді. Балалар өздері білетін жол белгілерін атап, оның ішінде бағдаршамның қызметін жақсы атап берді. Балалар әрі қарай эстафеталық ойындар «Бағдаршам», «Таяқтан өту», «Жол белгісін құрастыр!» ойындары арқылы жолда жүру мәдениетін үйреніп, жылдамдық, ептілік қабілеттерін арттырды.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/488-men-k-she-zh-rgizushisimin.html#sigFreeIdb4d3641975