#КӨШПЕЛІСАБАҚТАР
13-сәуір күні "Балаларды ерте дамыту институтының" ұйымдастыруымен "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнын іске асыру" тақырыбында Қызылорда облысының мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған республикалық біліктілікті арттыру курсы аясында "Сыр шуағы" бөбекжай- бақшасының базасында көшпелі сабақтар өткізілді.
Курс 6-14 сәуір аралығында ұйымдастырылған болатын.
📌 Курстың алғашқы күнінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызы бөбекжай-бақшасының іс-тәжірибесімен танысты.
📌 13 сәуір күні "Сыр шуағы" бөбекжай -бақшасының тәжірибелі педагогтары курсқа қатысушы облыс педагогтерімен өз тәжірибелерімен бөлісті.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ директорының орынбасары Ерманова Мария Наятовна, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" РММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын қамтамасыз ету орталығының басшысы Мукашева Гүльнара Омарбековна және облыстық оқу орталығының директор орынбасары Дихамбаева Гүлнар Батырбекқызы көшпелі сабақтар аясында күні бойы топтарда күн режимін бақылау барысында педагогтардың ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бақылап, әр- бір сәттеріне оң бағасын беріп, "Балаларды ерте дамыту институты" РММ-нің Құрмет грамотасымен марапаттады.
📌 Талдау барысында курсқа қатысушы педагогтары бөбекжай -бақшасының ұйымдастырылған көшпелі сабақтарынан өз педагогикалық қоржындарына көптеген әдіс-тәсілдер мен тыс идеялар алғандарымен бөлісті.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/479-k-shpeli-saba.html#sigFreeIdf3e65bee14
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/479-k-shpeli-saba.html#sigFreeId92c250398e
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/479-k-shpeli-saba.html#sigFreeIdb825c65472









