"Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке." - "Ұлыстың қадам басқан Ұлы күні" - атты 22 наурыз күніне арналған "Аялы ағаш - саялы" тал егу акциясын қолдай отырып, "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасының ата-аналары және бүлдіршіндері жеміс ағаштарын отырғызды. Барлық атсалысып, акцияны қолдап келген ата - аналарымызға мың алғыс. Бүгін еккен талдарымыз қаламыздың экологиялық ахуалын көтеруге үлесін қосады деп білеміз.