2023-ші жылы, наурыз айының 2-ші жұлдызында “Айгөлек” ересек тобында “Ана бақыты-бала бақыты” тақырыбында аналар күніне арналған ертеңгілік болып өтті. Ұлдар “Сұлу қыздар” әнімен қолдарына гүл шоқтарын ұстап шығып, билеп, сұлу қыздарымызға ұсынды. “Қалсын апам қуанып”, “Жақсы көрем әжемді” деп баршасы бірге хор орындады. Сегіз қырлы бір сырлы ұлдар “Тақия” биін, қыздарымыз “Гүлдер”, “Менің анам ең жақсы” биін билеп қошеметке бөленді. Келген ата-аналардың көңілінен шығып, алғыстарын білдірді.