Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде,
Сенің салған сара жолды жалғағам - деп ақындарымыз жырлағандай, аналарымызға қаншама өлең - жырларымызды арнап, құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Біздің бүлдіршіндерімізде мереке қарсаңында аналарына арнап 2023жылдың наурыз айының 02-ші жұлдызында "Ана бақыты - бала бақыты" ертеңгілінде "Достық" мектепалды тобының тәрбиеленушілері өз өнерлерімен аналарын, әжелерін қуантты.