Анам менің - аялаған ақ гүлім,
Анам менің - бақытым мен шаттығым.
Анашым - деп балаң жырын арнаған,
Неге ғана естілмеген тәтті үнін .
-деп ақын ағаларымыз жырлағандай ана деген асыл қазынамыз. Сол себептенде шұғылалы көктемнің алғашқы күндері  мен қатар келген аналар мерекесіне орай   "Күншуақ" мектепалды тобында ұйымдастырылған
"Аяулы анашым"атты ертеңгілік өткізілді. Балалар аналарына арнап  көңілді әндерін , тақпақтарын айтып,билерін билеп аналарына көтеріңкі көңіл- күй сыйлап, сүйіспеншіліктерін білдірді.