2023 жылдың ақпан айының 16 жұлдызы күні бөбекжай - бақшамызда "Балабақшадағы мюзикл" атты апталығының жоспарына сәйкес ата - аналармен бірлесіп, ұйымдастырылған "Әуенді жеті нота" тақырыбында бенефис шоуы болып өтті. Бенефис шоудың басты қонақтары:
1. Шығармашыл, белсенді, "Достық" мектепалды тобының ата - анасы: Нұрлыбек Қожабайұлы
2. Қызылорда облысының белгілі әншісі, "Күншуақ" мектепалды тобының ата - анасы: Алмас Серікұлы
3. Сазгер, әнші, "Достық" мектепалды тобының ата - анасы: Ләйла Қуанышқызы
4. Өнерге жақын педагог, "Ботақан" мектепалды тобының ата - анасы Зоя Қабдоллақызы.
Басты қонақтарымыздың өмірбаяны және еңбек жолдары мен таныстырылып, өздерінің репертуарларынан ән шырқады. Ал, көрермен ата - аналарымызбен бірге караокемен ретро әндерін шырқап, әр ұлттың биін нақышына келтіріп биледі. Балабақшамыздың меңгерушісі Майра Алашбайқызы ата - аналарымызды алғыс хаттармен марапаттап, келген ата - аналарымыз жылы лебіздері мен ақ тілектерін арнады.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/453-uendi-zheti-nota-ta-yrybynda-benefis-shouy.html#sigFreeId74ef6de14e