Бүгін "Балабақшадағы мюзикл" апталығының жоспарына сәйкес музыка жетекшісі: А.Тлеулесова "Күншуақ" мектепалды тобымен "Қазақтың ұлттық аспаптары" тақырыбында ашық көрсетілім көрсетті. Балалар қазақтың ұлттық аспаптары туралы мағлұмат алып, дыбысы мен динамикалық белгілерін ажыратты. "Аспаптар" әнін тыңдап және ән айту барысында әнді қимыл - қозғалыс арқылы жаттап, есте сақтау қабілеттері артты. Қазақтың ұлттық өнеріне деген көзқарастары кеңейіп, белсенділік танытты.