Ақпан айының 14 жұлдызында "Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасында "Балабақшадағы мюзикл" атты би және музыка жетекшілерінің апталығында музыка жетекшісі Мұхамет Жаркынай "Айналайын" ересектер тобымен "Көліктер" тақырыбында ашық көрсетілім өткізді. Балалар музыканы тыңдап, сипатын ажырата білді. Музыка ырғағына сай парақтарды ұрғылау арқылы, қимыл - қозғалыспен дыбыстар бере білді. Ән мазмұнын түсініп, әуенге сала орындады. Жол көліктерін ажырата білді.