#Үйренейік,ізденейік,ЖАС МАМАН!апталығы

"Үйренейік, ізденейік, ЖАС МАМАН!" апталығының жоспары бойынша ақпан айының 08 - жұлдызында "Бәйтерек" ересек тобында тәрбиеші Есенбекқызы Айгерім "Су асты әлемі" тақырыбында кіріктірілген ашық оқу іс - әрекетін көрсетті. Іс - әрекет флипчарт ойынмен басталды.Балалар шығармашылық, зерттеу, математика, IT дамытушы орталықтарда ойын тапсырмаларын қызығушылықпен орындады, іс - әрекетке белсенділікпен қатысты.