"Сыр шуағы" бөбекжай - бақшасында "Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық - кеңістік дамытушы ортаны ұйымдастыру және педагогикалық процестің сапасын қамтамасыз ету" тақырыбында қалалық семинар өткізілді.Семинарда "Бәйтерек" ересек тобының тәрбиешісі Абдукаликова Гүлназ кіріктірілген ойын іс -әрекет түрлерін көрсетті.Балалар аққаланың бейнесін жасап ,дамытушы ойын орталықтарында дәстүрден тыс суреттер салып, “IT әлемі" орталығында планшетпен ойындар ойнады. Зерттеу орталығында қолдан қар жасап зерттеп, ойынға деген қызығушылықтары артты.