Қаңтар айының 12-ші жұлдызы күні «Ботақан» мектепалды тобында "Эйнштейн балақайлар" апталығында "Жасанды қар" және "Мұз қай қалыпта тез ериді?" тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Балалар қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, ас содасы мен көбікті пайдаланып жасанды қар жасады.Мұзды табиғи материалдардың түрлеріне орап, қай мұз тез ерігенін анықтап көрді. Зерттеу барысында балалардың қызығушылықтары артып, белсене қатысты.