Зерттеу барысында судың күйлері мен оның ерекшеліктері айтылып, көрсетілді. Соның ішінде судың қатты күйі мұзды пайдалану арқылы балалар «Әсем мұздар» және «Мұзды балық» зерттеу жұмысын орындады. Мұздарды қою бояумен түрлі-түсті түстерге бояп, ал енді бірі мұздың үстіне су құйып, тұз сеуіп, жіптің көмегімен мұзды судан алып шықты. Балалар белсене араласып, сұрақтарға жауап беріп, зерттеу жұмысына қызығушылықтары артты.