Қаңтар айының 11 жұлдызында музыка жетекшісі Жаркынай Мұхаметқызы "Энштейн балақайлар" апталығында "Достық" мектепалды тобымен музыка іс - әрекетінде әнді сүйемелдеу барысында қажетсіз заттардан "Шулы аспаптарды" зерттеді. Балалар бос құтыларды безендіріп, түрлі дәнді - дақылдарды салып шулы аспаптар жасап, олардың дыбыстарын естіп, үйренген әндерін сүйемелдеді.