Жаңа жылдық ғажайыптар
"Ботақан" мектепалды тобында "Жаңа жылдық ғажайыптар" атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Аяз атамен,Ақшақар келіп, балаларға жылы лебізін білдіріп, балаларды құттықтады. Балалар Аяз атамен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Балалар жаңа жыл мерекесін сезініп, керемет көңіл-күйде болды. Ата-аналармен қызықты ойындар ұйымдастырылып, мерекеге ата-аналар да белсене атсалысты.