"Сыр шуағы" бөбекжай бақшасында 2022 жылдың 09 желтоқсан күні Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделіне сәйкес қызмет түрлерін сапалы ұйымдастыру» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Шараға Қызылорда қалалық маслихат депутаттары, балабақшаның қамқоршылық кеңес мүшелері, М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары, балабақша меңгерушілері мен «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасының ата-аналары қатысты.
Шара бағдарламаға сәйкес, балабақша меңгерушісі М.Кунхожаева сөз алып «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды ІТ инновациялық технологиясы арқылы іске асыру» тақырыбындағы баяндама аясында ІТ бойынша балабақшада жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Сонымен қатар, балабақшаның әлеуметтік педагогы Г.Рзаева «Ұлттық ойындар –халық мұрасының бай қазынасы» тақырыбында балабақша педагогтарының дайындаған шығармашылық көрмесімен таныстырса, балабақша әдіскері М.Тулендиева іс-тәжірибе алмасу мақсатында ойын, зерттеу, еңбек танымдық іс-әрекеттері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарын топтарды аралату арқылы көрсетті.
Оқу орталығы директорының орынбасары Г.Б.Дихамбаева «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру» тақырыбында сөз алып, тәрбиешілердің шығармашылығын жетілдіру бойынша кеңес беріп, әдістемелік колдау көрсетті.
Балабақша бүлдіршіндерінің «Шуақ шашқан таланттар» атты музыкалық бағдарламасы шараны корытындылады. Шараның арнайы шақырылған конақтары қалалық маслихат депутаттары М.Мусаева, Р,Ысқақовалар және М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы С.Назаровалар мен «Сыр шауғы» ІТ бөбекжай-бақшасының ата-аналарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шараны оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Батырбекқызы қорытындылап, ашық есік күні жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, «Балаларды ерте дамыту» институтының «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» балабақша мамандарын марапаттады.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/397-syr-shua-y-b-bekzhaj-ba-shasynda-2022-zhyldy-09-zhelto-san-k-ni.html#sigFreeIda218c2c06c