17 қараша күні  «Айгөлек» ересек тобында «Жемістер мен көкөністер» тақырыбында ашық көрсетілім болып өтті. Балалар сыйқырлы есік арқылы кіріп, сұрақтарға жауап беріп, жемістер мен көкөністер атауларын атады. Зерттеу орталығында сүтті бананды шырын мен апельсин шырынын дайындап, салыстырып, өзіне тән сипаттамалық белгілерін атап, бақылап, талдап ажыратты. Құрастыру орталығында қағаздың парағын ортасынан бүктеп, желімдеу арқылы жемістер мен көкөністен композиция құрастырып, бау-бақшаға орналастырды. Өнер орталығында дәстүрден тыс әдістерді  қолдану  арқылы жемістер мен көкөністерді безендірді. Кітап орталығында жемістер мен көкөністерге арналған кітап пен суреттерді тамашалады және тақпақтар айтты. Асхана орталығында қыздар өз-өзіне қызмет көрсету арқылы дастархан әзірлесе, IT орталығында ойындар ойнап, белсене қатысты.