18.11.2022 жылы «Ботақан» МАД тобында «Менің баламның әлемі» атты ата аналармен бірлескен ойын шеберханасы ұйымдастырылды. Ойынның бастамасы «Көңілді би» мен ашылып, ойын кезеңдерімен таныстырылды: 
1) « Ана мен бала» ойыны
2. «Кім тапқыр?»
3. «Ойын шеберханасы» 
«Ана мен бала» ойынында Сарыбаев Ерсултанның мамасы Бурабай Ғалия мен және Бердіғұл Ясминаның әжесі Абильдаева Шуга қызығушылық танытып ойнады. Екінші ойында Махамбетова Адия Момынбаев Махамбет атасымен бірге белсене атсалысып «Кім тапқыр?» ойынын ойнады. «Ойын шеберханасында» ата аналар орталықтарға бөлініп шығармашылық жұмыстар жасады. Ата-аналар ризашылығын білдіріп алғыстарын айтты.