Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс, береке, бірлік ала келді - деп 28.10.2022ж "Сыр шуағы" бөбекжай бақшасы, "Достық" мектепалды даярлық тобында " Күз - береке бастауы" тақырыбында мерекелік ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік барысында Күз ханшасы келіп, балалар өз өнерлерін көрсетіп мерекелік көңіл-күйді сезіне алды.