Сыр шуағы бөбекжай бақшасы "Айгөлек" ересек тобында "Мейірімділікпен тәрбиелейік!" тақырыбында ата-аналармен педагогикалық лекция болып өтті. Жиын барысында ата-аналар түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, пікірлесіп, тәжірибе алмасты. Ата-аналар балаларымен бірге ойындар ойнап, мейірімділік сөздерін айтты. Жиын жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.