Секция отырысы барысында Балаларды Ерте Дамыту Институты директорының орынбасары М.Н.Ерманова оқу жылының негізгі ерекшеліктері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Стандартта тәрбие мен оқыту мазмұнына қойылатын талаптар өзгерген. Перспективалық жоспар мен апталық циклограмма құрылымы да өзгерген. Ұйымдастырылған іс-әрекет ойын арқылы жүзеге асырылады. Күн режиміне баса назар аударылу керек. Мониторинг жүргізуде де өзгерістер бар. Мұның барлығы 2022-2023 оқу жылын ұйымдастыру туралы Әдістемелік нұсқау хатта берілген.









