19.05.2022ж логопед маманы Нуркожаева Акмарал "Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың сапалы білім алу мен оқу - тәрбие процесінде тәрбие үрдісін отбасымен серіктестікте күшейту" тақырыбында IХ Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияда "Еркемай" мектепалды даярлық тобымен вариативтік бөлім "Ойнаймын. Жаттығамын. Анық сөйлеймін" тақырыбы бойынша ойын - жаттығулар түрімен жұмыс көрсетті. Логопед маманы балаларды фишка арқылы топтарға бөліп, әр топта балалардың дұрыс тыныс алуына, артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалыптасуна, ұсақ қол моторикасының дамуына және интербелсенді тақта арқылы флипчарт ойындарын ойнатып, қызығушылықтарын арттырды. Балалар белсене қатысып, ойын - жаттығуларды қызыға орындады.