Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілген "Ашық есік" күнінде, "Балдаурен" МАД тобының ата-аналары да өз белсенділіктерін көрсетті. Ашық есік күнінде ата-аналар балабақшаның 1 күндік іс-әрекеттерімен танысты. Оның ішінде ең бастысы:

1.Оқу қызметтері

2.Мамандармен бірге жүргізілетін үйірмелер

3.Серуендегі қызықты ойындарды бүлдіршіндермен бірге ойнап, бақылады. Күн соңында өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Ашық есік күні өз дәрежесінде жақсы өткізілді,ата-ана мен балабақша арасындағы сабақтастық нығайды.