Бүгін сәуір айының 22-ші жұлдызы күні  балабақшада ұйымдастырылған "Баламның балабақшадағы бір күні" атты ашық есік күнінде бейнелеу өнері маманы Отарбаева Л "Еркемай" мектепалды даярлық тобында сурет салу оқу қызметінен "Аулада" тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Оқу қызметі сәлемдесу мен басталып, флипчарт ойыны арқылы жаңа тақырып жарияланды. Балалар үш командаға бөлініп, жұмыс жасады. Ашық есік күнінде ата-аналар белсенділік танытып, ұсыныс-пікірлермен бөлісті.