12.04.2022 жылы «Құлыншақ» кіші тобының тәрбиешісі Доспанова Гүлмира, Таным білім саласы бойынша жаратылыстану оқу қызметінен «Алғашқы гүлдер» тақырыбында ашық оқу қызметін көрсетті. Васкобович техналогиясын қолдана отырып, көктем мезгілінің ерекшеліктерін, көктемде алғашқы гүлдердің өсіп шығатындығы жайында әңгімелей отырып балаларға мағұлмат берді. Балалар фишкалар арқылы қызғалдақ сарғалдақ топтары болып екіге бөлінді. Балалар педагог тәрбиешімен бірге гүлдердің тұқымын егу арқылы зерттеу жұмыстарын жасады. Балалар бүгінгі оқу қызметіне жақсы көңіл күймен өте белсенді қатысты. Балалар көктемнің алғашқы гүлдері, қызғалдақ, сарғалдақ гүлдерімен марапатталды.