Бүгін балабақшамызда бейнелеу өнері маманы Л.Отарбаева мектепалды даярлық "Балдәурен" тобында ұйымдастырылған "Аулада" тақырыбында ашық оқу қызметін өткізді. Балаларға жаңа тақырыпқа байланысты суреттер сиқырлы дүрбі мен таңғажайып қобдиша арқылы жасырылды. Саусақ жаттығуын жасап, үш топқа бөлініп, дәстүрден тыс сурет салу арқылы және Bilim bookты қолданып бейнелей білді. Экранда сюжетті ойын арқылы қорытынды ойын ойнап, мадақталды.