Бүгін балабақшамызда психолог маманы Рзабаева Г мектепалды даярлық "Ақжелкен" тобында "Су асты әлемінің таңғажайыптары" тақырыбында психологиялық сағат өткізді. Психологиялық сағат барысында балалармен су асты әлеміне саяхат жасап, интербелсенді еденде "Су көпіршіктері", "Балықтармен сәлемдесу","Бұл қандай су жануары?" т.б қызықты ойындар ойнап,көңіл-күйлері көтерілді.Ойындарда балалар өз ойларын еркін жеткізіп,су асты әлемінде тыныға білді.