Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагог-психолог мамандарды әдістемелік қолдау және көмек көрсету мақсатында наурыз айының екінші жұлдызында «Психикалық саулықты сақтау дағдылары» тақырыбында әдістемелік күні өткізілген, "Сыр шуағы" бөбекжай-бақшасының психологы Рзабаева Г педагогикалық практикадан өтуші Қызылорда педагогикалық М. Мәметова атындағы жоғары колледжінің 3 курс студенттерімен іс-тәжірибемен бөлісу арқылы кері байланыс жүргізіп, тәжірибе алмасу барысында ата-аналармен, балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұсына отырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Машықтанушы студенттер іс-тәжірибеден алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.