Бүгін ақпан айының 4-ші жұлдызында бейнелеу өнері маманы Л.Отарбаева "Еркемай" мектепалды даярлық тобында "Қыстағы шуақты күн" тақырыбында сурет салу оқу қызметі болып өтті. Балаларға қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді атай отырып, қағаз бетіне затты дұрыс үйлестіру, түстерді дұрыс таңдай білуге және ой-қиялдарын дамыту. Бейнелену кезеңдері түсіндіріліп, интербелсенді тақтамен жұмыс жасады. Акварель мен қылқаламды қолдану арқылы бейнеледі. Оқу қызметі соңында балалардың бейнелеген суреттерінен көрме ұйымдастырылды.