Бүгін бөбекжай-бақшамызда психолог Рзабаева Г "Бәйтерек" ортаңғы тобы бүлдіршіндерімен психологиялық сағат жүргізді. Тақырыбы "Көңілді шеңбер алаңы". Психологиялық сағат барысында балалар шеңберде көздерін жұму арқылы "Не өзгерді?" ойынын ойнап, түстерді таңдау арқылы 3 топқа бөлініп жұмыс жасады. Балалардың ойын барысында көңіл-күйлері көтеріліп, қызығушылықпен белсене қатысты.