"Сыр шуағы" бөбекжай балабақшасы "Сәбижан" кіші тобында 27.01.2022 ж тәрбиеші Б.Нурбаева күннің екінші жартысында балалармен "Біздің жасыл достарымыз" тақырыбында жұмыс жүргізді. Тәрбиеші балаларға жасыл достарымыз (бөлме гүлдері) жайлы мәлімет беріп, олардың пайдасын, оны қалай күтім жасау жайлы түсінік беріп, топтағы табиғат бұрышындағы бөлме гүлдеріне іс-тәжірибе жүзінде балалар мен бірлесіп жасатты. Балалар қызығып өз гүлдерінің түбін қопсытып, су құйып, жапырақтарын сүртіп, қураған жапырақтарын алып тазалау жұмыстарын қуана бірлесіп жасады.