Бүгін бөбекжай- бақшамызда бейнелеу өнері маманы Л. Отарбаева  мектепалды даярлық "Балдәурен" тобында "Көңілді палитра" вариативтік компонентінен "Қар кесегі" тақырыбында жұмыс жүргізілді. Акт тақтасында қар кесегі жайлы мәліметтер таныстырылды. Балалар үш топқа бөлініп, жұмыс жасады.1-ші топ- қар кесегін ермексазды саусақ ұшымен жағу арқылы бейнелесе, 2-ші топ- пва желімін жағып, үстіне жылтырлақты сеуіп безендірді. Ал 3-ші топ майлы қаламмен бейнелеп,оны гуашь бояуымен бояй білді. Балалар қызығушылық танытып,  белсенді қатысты.