25.01.2022 ж логопед маманы Нуркожаева Акмарал "Күншуақ" ересектер тобында вариативтік бөлім бойынша оқу кестесіне сәйкес "Г" дыбысы тақырыбында оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінде "Г" дыбысымен таныстырып, дыбыстың айтылу ерекшеліктерін түсіндірді. Дыбысты дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығулар жасатып, интербелсенді тақтамен дыбысқа байланысты  "Дыбысты тап және ата" дидактикалық ойын ойнатты. Балалар оқу қызметіне белсене қатысты.