2022 жылдың 20 қаңтар күні дене шынықтыру нұсқаушысы Нұрасыл Алпамыс балалармен бірге оқу қызметін өтті. Оқу қызметі барысында балалар дене қыздыру жаттығуларын жасады. Жаңа оқу қызметі барысында балалар  жүгіріп келіп, биіктікке секірді. Допты бір-біріне қос қолымен басынан асыра лақтыруды үйренді. Оқу қызметінде барлық бала қызығушылық танытты. Денсаулық үшін спортпен шұғылдану пайдалы екендігіне тағы да көз жеткізді. Оқу қызметі өз дәрежесінде өтілді.