Бүгін "Сыр шуағы"  бөбекжай-бақшасыныңмузыка жетекшісі: А. Тлеулесова "Айгөлек"  ортаңғы тобында "Ақ қоян мен қасқыр"  атты тақырыбында музыка оқу қызметін өткізді. Балалар ақ қоян туралы әндер тыңдап, қасқыр туралы әнді айтты. Аңдардың жүрісін салып, әуенді -ырғақты қимылдар жасады. Шулы аспаптарды пайдалана отырып,  қасқыр,  аю,  түлкінің дыбыстарын салып, "қасқыр мен қоян" қимылды ойынын ойнады. Бүлдіршіндердің көңілдері көтеріліп,  белсенділік танытты.