Бөбекжай- бақшасында "Жас мамандар" мектебінің жоспарына сәйкес Жәнібекова Ж "Ерте жастағы балалардың сөйлеуін дамытуда ойын технологияларды қолдану" тақырыбында практикум өткізді. Барлық педагог мамандар қатысып,мектеп жасына дейінгі ерте жастағы балалардың сөйлеуін дамытуда ойын технологияларын қолдануы жайында мәліметтер берілді.Жалпы педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Жаңартылған бағдарламасы бойынша ойынды ұйымдастыру үш топқа бөлінетіні жайлы атап өтілді. Жәнібекова Ж осы үш топқа жататын ойын түрлерін атап өтіп, оны іс-тәжірибесінде көрсетіп, ақпараттармен бөлісе білді.
https://syrshuagy.kz/kz/zhanaly-tar/111-erte-zhasta-y-balalardy-s-jleuin-damytuda-ojyn-tekhnologiyalardy-oldanu-ta-yrybynda-praktikum-tkizdi.html#sigFreeIdc0c03bb463