24 желтоқсан күні «Бәйтерек» ортаңғы тобында «Кел, Жаңа жыл жаңаша!» тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгіліктің мақсаты балаларға жаңа жыл туралы, Аяз ата мен Ақшақар туралы түсінік беру, танымдарын арттыру, мерекелік көңіл-күй сыйлау. Тақпақтарды мәнерлеп жатқа айтуға үйрету. Аяз ата, Ақшақар,ескі жыл Сиыр мен жаңа жыл Барыс, орман аңдары қонаққа келіп, балалардың ән шумақтарын, билерін, өлең жолдарын тамашалап көңіл күйлерін көтерді. Балалар Аяз ата, Ақшақарды көріп жақсы көңіл күйде болып, қуанып, билерін билеп, тақпақтарын айтып берді.