22.12.21жылы "Күншуақ" ересек тобында "Кел жаңа жыл жаңаша" атты ертеңгілігі өтті. Ертеңгіліктің мақсаты балаларға жаңа жылдық мереке туралы түсінік беру,Жаңа жыл мерекесіне деген көңіл күйлерін қалыптастыру. Ойлау қабілетін,есте сақтау зейінін, қиялын дамыту. Шығармашылыққа, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Балалар жақсы көңіл күймен ертеңгілікке ат салысты.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жаңа 2022 жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Мерейлеріңіз  үстем, беделдеріңіз биік, абыройларыңыз асқақ болуына тілектеспіз!
Ізгі тілекпен:"Күншуақ" ересек тобы!