Бүгін 1.02.2022 ж. біздің бөбекжай- бақшамызда кезекті әдістемелік кеңес отырысында "Балаларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу жолдары" тақырыбында музыка жетекшісі: А. Тлеулесова баяндама оқыды. Баяндаманың мақсаты: Балаларға халқымыздың ұлттық бет- болмысын, ерекшелігін, салт-дәстүрін, мәдениетін, дінін, тілін, өнерін насихаттау. Патриоттық, музыкалық-эмоционалдық сезімдерін ояту оның мазмұнын түсіну және терең толғану қабілетін дамыиу, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Барлық педагог-мамандарымыз қатысып, қазағымыздың көркем әсерлі, құлаққа жағымды халық әндерімізді ұлттық аспаптарымызды соғу арқылы сүйемілдеп, әнді әуеніне шалқыта шырқады. Ұлттық ойындарымыздың бірі соның ішінде ақыл ойға арналған "Күміс салу" ойынын ойнады. Баяндама соңында ел болашағын ұлттық құндылықтарды танып, бағалайтын, оны сақтап, жалғастырар ұрпақ тәрбиелей берейік деп аяқтады.
https://syrshuagy.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/orta-shinshi-pedagog/251-balalardy-ltty-ndyly-tar-a-t-rbieleu-zholdary.html#sigFreeIddea67ad3f5