Дөңгелек үстелге бөбекжай-бақшамыздың барлық педагог мамандары қатысты. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты- табиғат әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғай білуге және экологиялық білімділік қабілеттерін арттыра білу. Ең әуелі экология туралы мәліметтер беріліп,  видео-ролик көрсетілді. Қазіргі экологиямыздың таза болуы мен бұзылмауы және біз оны дұрыс қорғап жатырмыз ба деген мәселе ортаға салынып, талқыланды. Адамзаттың  табиғатқа тигізер оң және теріс әрекеттерін педагогтар ақ парақтың бетіне бейнелей білді. Ғаламдық экологиялық мәселелерге тоқтала отырып,қазақ халқының өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің тарихы тереңде екеніне нақты мысалдар келтірілді. Дөңгелек үстелде сөз алған педагогтар Қазақстандағы экологиялық проблемалар, Арал теңізі, Семей полигоны және каспий теңізінің қазіргі жай-күйіне тоқталып, пікір алысты. Дөңгелек үстел соңында табиғатты қорғау, тазалығын сақтау- тек экологтардың міндеті емес, ол адамзат баласының ортақ міндеті екеніне және біз қоршаған ортаны қорғап қалуға күш салу басты мақсатымыз болып қала бермек.