Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 13 қазан күні «Сыр шуағы» ІТ бөбекжай- бақшасының базасында ҚР Үкiметiнiң 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысымен бекiтiлген Мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделiн жүзеге асыру бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарында тәрбиелеу мен білім беру процесiн ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық әдiстемелiк күн өткiзiлді.
Әдістемелік күнге КР Оку-ағарту министрлiгiнiң «Балаларды ерте дамыту институтының директорының орынбасары М.Н.Ерманова қатысып, педагогтарға жан-жақты әдiстемелiк көмек көрсетілді.
Осыған орай, аталган шараға мемлекеттік пен жекеменшік балабақша меңгерушілері, әдіскерлерi және мектепалды даярлық сынып педагогтері қатысты.