23.08.2022ж күні “Сыр шуағы” бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының әдіскерлері арасында 2022-2023 оқу жылына арналған “Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық” тақырыбында тамыз кеңесінің секция жұмыстары өткізілді.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанат Кеуілімжайқызы “2022-2023 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту процесін ұйымдастыру туралы” әдістемелік нұсқау хаттың ерекшеліктерімен таныстырып өтсе, "Сыр самалы", "Сыр бөбегі", "Балапан", "Балбұлақ" балабақша әдіскерлері өз тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісті