04.04.2022ж логопед маманы Нұрқожаева Ақмарал мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Айдосұлы Сағинұр, Айдосұлы Алинұр, Тоқташ Мұхаммедали және Болат Қайнарға Қатынас білім беру саласы, дыбыс айту оқу қызметі "Р дыбысы" машықтандыру кезеңі тақырыбында ашық оқу қызметін өткізді. Оқу қызметі флипчарт ойынымен басталып, балалар лабиринт жолдарымен ұсақ қол моторикасын дамытып, видео арқылы артикуляциялық жаттығулар жасады. Логопед маманы балаларға механикалық тәсілдер арқылы зондтың көмегімен дыбысты дұрыс анық айтуға жаттығулар жасатып, филипчарт ойындарын Bilim book арқылы дыбыстардан буын, сөз құратып, есту арқылы дыбыстарды ажыратып, сөздерде машықтандыруға жұмыстарын көрсетті. Балалар оқу қызметіне белсене қатысып, жұлдызшалармен мадақталды.