Музыка жетекшісі: Тлеулесова Айгерім "Ақжелкен" мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерімен сәуір айының 4-ші жұлдызында "Шығармашылық" біләм беру саласы бойынша" Көктемгі егістік" тақырыбында ашық ұйымдастырылған музыка оқу қызметін өткізді. Оқу қызметін де балалар марш әуенімен келіп, сәлемдесіп, "Қолшатыр" ойынында берілген сұрақтарға жауап беріп, көктемгі егістіктің суретін құрастырды. Балалар көктемгі егістіктің көріністері туралы білімдерін толықтырды. Музыка тыңдау барысында музыкалық мәнерлілік сипатын ажыратып, ән айту кезінде әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен орындауға, жоғары- төмен қозғалысын ажыратуға, сөздерін анық айтуға машықтанды. "Музыкалық баспалдақ" ойынында балалар жеті ноталарды егістік алқабына орналастырды. Оқу қызметі соңында балалар байсалды, көңілді қатысып, көңілді смайликті сегіздік ноталар таратылды.