"Денсаулық"-адамның ең басты байлығы!
Қаңтар айының 13 жұлдызында "Сыр шуағы" бөбекжай бақшасында МАД топтарының бүлдіршіндері бөбекжай-бақша медбикесі Г. Кубекбаевамен "Ауырмаудың жолын іздейік" тақырыбында өткізілген төтенше жағдайға байланысты іс-шарада жаттығу түрлерін жасады.Бұл шараның басты мақсаты,балаларға денсаулықты күту керектігі,қазіргі таңдағы еліміздегі болып жатқан жұқпалы вирустардың алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Ең алдымен осы төтенше жағдайға байланысты балаларға видеролик көрсетіліп, балалар ауырмаудың тиімді жолы тазалық екенін ұғынып, медбикемен бірге жаттығу түрлерін орындады. Тыныс жолын қалпына келтіру үшін тыныс алу жаттығуларын және бірнеше хатха-йога жаттығу түрлерін жасады.
Ел ертеңі болашағымыз- балаларымыздың денсаулықтары мықты болсын!
https://syrshuagy.kz/kz/zdik-mektepke-dejingi-jym-2022/merekeler-zh-ne-ojyn-sauy/245-densauly-adamny-e-basty-bajly-y.html#sigFreeId4cf9b37b07