"Сыр шуағы" IT бөбекжай - бақшасында 2024 - 2025 оқу жылының жылдық жоспарына сай 19 қыркүйек күні "Жаңа оқу жылының міндеттері мен ерекшеліктері" тақырыбында ортаңғы және кіші топтарында топтық ата аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында түрлі ойындар,тренингтер арқылы ата аналар өз ойларымен бөлісті. Жаңадан қабылданған топ ата аналары жаңаша форматтағы жиналысқа өз алғыстарын айтып балабақша тыныс тіршілігімен жақын танысты.