Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмысын бөбекжай -бақша меңгерушісі Кунхожаева Майра Алашбайқызы жүргізді. Кез келген қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп -өркендеп,мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып,бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы заңмен күресу болып табылады.Жиналысқа қатысқан ата аналар өз ой-пікірлерімен бөлісті.