2025 ж қазан айының 30-шы жұлдызында Сырдария ауданы №1 "Қызғалдақ" бөбекжай балабақшасы құзыреттілік орталықтарының арасындағы сабақтастықты нығайту барысында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы педагогтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Сыр шуағы» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі М.А.Кунхожаева балабақша туралы мағлұмат беріп, таныстырды. Іс-тәжірибесімен бөліскен: Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс «Күншуақ» мектепалды тобының тәрбиешісі Жанакова Гүлжанат «Менің сүйікті ертегілерім»;ECERS-3 шкаласы бойынша дамытушы заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру «Айгөлек» ересек тобының тәрбиешісі Каукенова Динара «Ғажайып сандар»;Балабақшаның тірек мектеппен байланысы «Достық» мектепалды тобының тәрбиешісі Абдукаликова Гүлназ бастауыш мектеп пен балабақша байланысының жоспары мен жұмыс барысын таныстырып, баяндады. Педагогтардың ұйымдастырылған іс-әрекетіне жан-жақты талдау жасап, ұсыныстар айтылып, қатысушы педагогтар бір-бірімен пікір алмасты.
https://syrshuagy.kz/kz/seminarlar/784-2025-zh-azan-ajyny-30-shy-zh-ldyzynda-syrdariya-audany-1-yz-alda.html#sigFreeId97623a7929









