2025 жылдың ақпан айының 10 - 11 аралығында ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институтының "Тәрбиелеу - білім беру процесінде ойын арқылы оқытуды ұйымдастыру" тақырыбында “Сыр шуағы” бөбекжай - бақшасында екі күнге көшпелі облыстық практикалық жұмыстар ұйымдастыру жоспарланған.

Бүгін, 10.02.2025 жыл, көшпелі практикалық жұмыстардың бірінші күніне күнінде бөбекжай - бақшамыздың педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті.
“Балалардың түрлі әрекетін ойын арқылы ұйымдастыру” тақырыбында :
“Түстер әлемі” - “Айналайын” ортаңғы топ тәрбиешісі Ж.Байжанова,
“Ұлттық ойын ұшқыны” - “Достық” ересек тобының тәрбиешісі А.Әтіханова;
“Театрландырылған ойындар түрлерін балалардың жасына сәйкес ұйымдастыру” тақырыбында
“Театр әлеміне қош келдіңіздер!“ тақырыбында “Еркемай” мектепалды топ тәрбиешісі Ж. Белгібай;
“Сюжетті - рөлдік ойындар арқылы ұйымдастырылған іс - әрекетті кіріктіру” тақырыбында
“Менің сүйікті мамандығым - “Құлыншақ” мектепалды тобының тәрбиешісі Б. Нурбаева
“Art skill” шебер сынып бейнелеу өнері маманы Л. Отарбаева өз жұмыстарын көрсетті.
“Барлығы бала үшін” эргономикалық орталықтарға экскурсия да келесі іс - әрекеттер көрсетілді
“Менің алғашқы кітабым” эргономикалық орталығы - “Ертегі еліне саяхат” кіші топ тәрбиешісі А. Ануарова;
“Бизиборд TIME” эргономикалық орталығы - “Мен жасай аламын” ортаңғы топ тәрбиешісі Г.Доспанова;
“Жолда жүріп үйренейік” эргономикалық орталығы - “Бағдаршам және біз” тақырыбында ортаңғы топ тәрбиешісі Д. Каукенова.

Іс - әрекет соңында балалар шығармашылығынан музыка жетекшісі А.Тлеулесова “Өнерлі балалар мекені” тақырыбында балақайлардың қатысуымен музыкалық концерт тамашаланды. Кері байланыс ретінде біліктілік арттыру курсының практикалық семинарына қатысушылар педагогтардың жұмыстарын талқылап, ұсыныс пікірлерімен бөлісіп, әрі қарай өздері практикалық жұмыстарын жасап жалғастырды.