2023 жылдың 31 қазаны күні Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу мақсатында құрылған республикалық құзыреттілік орталықтарының құрамына енгізілген Қызылорда қаласындағы «СЫР ШУАҒЫ» бөбекжай-бақшасының педагогтерінің іс-тәжірибелері онлайн форматта насихатталды. Облыстық деңгейде ұйымдастырылған ашық есік күніне Қармақшы ауданынан мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйым педагогтары 68 қосылу нүктесінен қатысып, 100 педагог озық тәжірибемен танысу мүмкіндігіне ие болды. Онлайн форматта ұйымдастырылған ашық есік күнін Қызылорда облыстық оқу орталығының директоры орынбасары Г.Б. Диханбаева ашып беріп, бөбекжай-бақшасының меңгерушісі М.А. Кунхожаева "ІТ балабақша" пилоттық жоба жұмыстарымен таныстырды. Ашық есік күні барысында «СЫР ШУАҒЫ» бөбекжай- бақшасы педагогтарының кіріктіріп ұйымдастырылған ойын іс-әрекеттері ("Бәйтерек" мектепалды топ тәрбиешісі Абдукаликова Гүлназ, "Еркемай" ересек тобының тәрбиешісі Қойшыбай Ұлтуған, "Ақжелкен" ортаңғы топ тәрбиешісі Жайшылықова Айгерім), логопед Нұрқожаева Ақмаралдың жеке баламен жұмысы, күннің ІІ жартысында жүргізілетін мектепалды топ тәрбиешісі Ғ.Шайзадаеваның "Қызықты STEM" ойындары, педагог-психолог Рзабаева Гүлмаралдың "Құпия сезімдер эмоциясы" үйірмесі және бейнелеу өнерінің маманы Отарбаева Ляззаттың "Artстудио" үйірме жұмыстары көрсетілді.